{metadescription}
Ақтөбеде жұртты жиһадқа шақырған жігіт шатылып жатыр
Ақтөбеде жұртты жиһадқа шақырған жігіт шатылып жатыр

Ақтөбеде жұртты жиһадқа шақырған жігіт шатылып жатыр

Ақтөбеде әріптестерін қарулы жиһадқа шақырды деп айыпталған 2 тұрғынға қатысты сот басталды. Оларға экстремисттік «Ислам мемлекетті» ұйымының идеяларын насихаттағаны үшін айып тағылып отыр.

30 жастағы Азамат Баймұрзин мен 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылыс нысандарының біріне күзетші болып жұмысқа тұрған. Қарауылдың үйшігінде тек отырмай, сонда соққан әріптестерін үгіттеумен болады. Тіпті Қазақстанның жазық далада орналасқанына өкініш білдіріп, таулы мекенде тұрғанда жұрттың бәрі қарулы моджахедке айналар еді деген армандарын ашық айтады. Сотталушының екеуі де құжаттағы аттарынан бас тартып, өздеріне Юсуп пен Аббас деген есімдер таңдап алған. 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев бұрын да істі болған. Ол кезде де лаңкестікті насихаттағаны үшін түрмеге отырып шығыпты. Екеуі де елді жиһадқа үгіттегендерін мойындайды. Бірақ оны ақылдасып, бірге істемедік деп отыр.

Лидия Михайлюк, адвокат:

-Қорғаушыларымыздың екеуі де кінәларын жартылай мойындайды. Бірақ топ болып насихаттады деген айыппен келіспейді. Сот сапартамалары да олардың сөздерінде үгіттеу белгілері болғанын растады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде