{metadescription}
Шетелдегі қашқындарды елге қайтару үшін жарты миллиард теңге бөлінбек
Шетелдегі қашқындарды елге қайтару үшін жарты миллиард теңге бөлінбек

Шетелдегі қашқындарды елге қайтару үшін жарты миллиард теңге бөлінбек

Осы Рысқалиевтар сияқты, Қазақстанда қылмыс жасады деген күдікке ілініп, шетелге қашқандарды елге қайтаруға жүздеген миллион жұмсалады. Бас прокуратура  халықаралық іздеуде жүргендердің саны мен оларды экстрадициялауға қажет қаржының сомасын жариялады.

Андрей Лукин, Бас прокурордың орынбасары:

-1499 адам халықаралық және 1 026 азамат мемлекетаралық іздеуде. Кей мемлекеттер Қазақстанмен арада арнайы келісім болмағандықтан, жасырынып жүрген күдіктіні экстардициялаудан бас тартуы  мүмкін. Мұндай жағдайда біз де ол елдің қашқын қылмыскерін бермейміз.

Ал шетелдерде бас сауғалап жүргендерді экстрадициялауға деп биыл бюджеттен 500 миллион теңге бөлініпті. Бұл қаржы  күдіктіні іздеу шаралары мен оларды елге алып келуге кететін шығынға жұмсалады. Мәселен, қазір Жомарт Ертаев Мәскеуде қамауда отыр. Экс-банкирді Ресейден біздің құқық қорғау органдары елге алдыртып, «алаяқтық» бабы бойынша жауапқа тартпақшы. Сондай-ақ, Бас прокуратура Мұхтар Әбіләзов пен Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновты да елге қайтарудың жолдарын қарастыруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде