{metadescription}
Бергей Рысқалиев 17 жылға сотталуы мүмкін
Бергей Рысқалиев 17 жылға сотталуы мүмкін

Бергей Рысқалиев 17 жылға сотталуы мүмкін

Ал Атырауда «Бергей ісі» бойынша өтіп жатқан сот процесінде мемлекеттік айыптаушы облыстың бұрынғы әкімін 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал, Бергей Рысқалиевтің інісі Аманжан Рысқали мен ағайындылардың күйеу балаларының бірі Рүстем ӘлбақасовҚА 16, Ерболат Ізбасаров пен Артем Даневичке 10 жылға абақтыға жабу жазасын тағайындау туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ, оларға мүліктерін тәркілеп, мемлекеттік қызметке араласуларына 10 жылға дейін тиым салу керектігін сұрады. Ал, сот үкімінің қашан шығатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, аймақтың бұрынғы лауазымды шенеуніктері мен олардың сыбайластарына қатысты сот процесіне айыпталушылар сан мәрте шақырылса да, олар келген жоқ. Қайда екендіктері туралы да нақты мәлімет жоқ. Кейбір дерек көздеріне сенсек, Рысқалиевтар Ұлыбританияда жасырынып жүруі мүмкін. Сондықтан отырыс сырттай өтуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде