{metadescription}
Ақбөкендерге араша түсемін деп қаза тапқан  инспектордың суреті жұрттың көңілін босатты
Ақбөкендерге араша түсемін деп қаза тапқан  инспектордың суреті жұрттың көңілін босатты

Ақбөкендерге араша түсемін деп қаза тапқан инспектордың суреті жұрттың көңілін босатты

Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура табиғат қорғау иснпекторының өліміне қатысты істі жіті бақылауға алды. Тіпті, күдіктілердің кім екендерін де анықтадық деп отыр. Дегенмен, тапа-тал түсте аңмен қоса инспекторларды да жайпап кеткендер әлі ұсталған жоқ. Ал браконьерлердің қолынан қаза тапқан табиғат қорғау иснпекторы ертең жер қойнына тапсырылады. 53 жастағы Ерлан Нұрғалиев осы қызметте 2012 жылдан бері тер төгіп келген.

ІІМ-нің мәліметінше инпекторларды соққыға жығып, қансыраған күйі далаға тастап кеткендер анықталған. Енді тек оларды ұстау ғана қалыпты. Одан өзге ақпарат тергеу құпиясы деп, берілмей отыр. Дегенмен бас прокурордың орынбасары тергеуді жіті бақылауға алғандарын айтады.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Кім және дәрежесі қандай екеніне қарамастан осы баптың аясында қатаң жазаға тартылады. Өйткені істі ішкі істер минситрі мен бас прокуратура бақылауға ұстап отыр. ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ жасақталып Қарағандыға жіберілді. Қазір олар жан-жақты тергеуге араласып жатыр.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың 13-і күні кезекшілікке шыққан инпекторлар, алғашында далада атылып жатқан 5 киікті табады. Артынша іздерін суытпақ боп далада жүйткіген екі көліктің ізіне түсіпті. Жол талғамайтын көліктердің мемлекеттік нөмірі болмаған. Жолдарын кес кестеп жүріп әйтеуір бір көлікті тоқтатыпты.

- Есікті аша бергенім сол еді, еңгезердей екі жігіт оң жағынан ұрып құлатты. Біреуін жерге алып ұрғаным сол еді, қасындағысы басымнан тағы соққы жасады. Сөйтіп есімнен танып құладым.  

Петр Ницык есін жиғанда ес түссіз сұлап жатқан Ерлан Нұрғалиевке алғашқы көмек көрсетпек болған. Алайда ол сол күйі көзін ашпады. Рациямен көмек шақырғанымен олардың жатқан жерін табу қиынға соғыпты. Себебі қаскөйлер екеуін сұлатып тастағасын, көліктегі GPS навигатор мен бақылау қамерасын алып кетіпті. Ақ қарда қан жоса болған екеу екі сағаттан асқанда әрең табылған. Табиғат қорғаушылардың айтуынша кейінгі кездері браконьерлер басқа шыға бастаған. 2018 жылдың өзінде ақ киік атқандарға қатысты 50 қылмыстық іс қозғалыпты. Көзден таса кеткендері қаншама.

Жанат Таңсықбаев, «Охотзоопром» ҚММ директорының орынбасары:

-Бір инспектордың бақылауға алатын аумағын азайтуды көздеп отырмыз. Бұл заң жүзінде бекітілуі керек. Нәтижесінде инпекторлардың да саны артады. Содан соң оларға бронежилет, каска кигізіп, ұстайтын қаруларының да санын арттыру керек деп ойлаймын.  

Министрлік күдіктілер туралы жақ ашпай отырғанда әлеуметтік желідегі толқу өршіп тұр. Жұрт «айлығын шайлыққа жеткізе алмай жүргендер броконьерлікке бармайды» дейді.  Бұл қымбат көлікті тақымдап, тойып секіргендердің ісі. Сондықтан жазадан жалтарып кете ма деген де қауіп бар. 

Оның үстіне қазір киіктердің популяциясы да артып келе жатқан көрінеді. Соңғы үш жылда олардың саны 41 пайызға көбейген. Сондықтан кісіге жақындаған киікті броконьерлер де баудай түсіріп жатыр. Ақыры аң былай тұрсын адамға да кесірі тиіп отыр. Ал ІІМ зейнеткері, полиция майоры, 53 жастағы Ерлан Нұрғалиевтің денесі бүгін Астанадан туған жеріне жөнелтілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде