Алматыда еліміздің үздік ұстаздары бас қосты
«Педагогикалық идеялар фестивалі» аясында олар екі күн бойы бақтарын сынады.
17.01.2019
Республикалық конкурсқа бас аяғы 363 маман қатысқан. Ұзтаздар өздеріне берілген жеті минутта бала оқытудағы тың идеяларын ортаға салып мол тәжірибесімен бөлісті. Байқау барысында мұғалімдер білім берудің мыңнан астам әдісін көрсетті. Ал жүзден жүйрікті анықтаған жоғары оқу орнының профессорлары. Олар 22 ұстазды бірінші орынға ылайық деп таныған. Шараны ұйымдастырған «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Тұңғыш Президент қоры.
Әлімжан Игенбаев, Ustaz компаниясының директоры:
-Мұғалімдердің мәртебесі талқыланып жатқан кезде бұл фестивальдің алатын орны ерекше. Қазіргі таңда мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін барлық іс шаралар қолға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!