{metadescription}
Миллион теңгенің шұлығы күл болды
Миллион теңгенің шұлығы күл болды

Миллион теңгенің шұлығы күл болды

Алматыда танымал брендтің атын жамылып, базарда ешқандай рұқсатсыз шұлық сатқан кәсіпкердің тауары тәркіленді. 

Бас аяғы 448 қораптың ішінен бес мың шұлық шықты. Тауарды саудагер Дордай базарынан жеткізген екен. Сот заңсыз жеткен шұлықтың көзін жою туралы шешім шығарған. Әділет департаментінің өкілдері бүгін арнайы пеште оның бәрін өртеді. Ал, кәсіпкердің әккі әрекетін аталмыш брендтің өкілдері әшкерелеп, шағым түсірген екен. 

Еркебұлан Жетпісбаев, Алматы қаласы Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы:

- Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 158 бабына сәйкес, яғни заңсыз тауар таңбасын пайдалану фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Әкімшілік сотта аталған іс қаралып, кәсіпкерге  30 АЕК мөлшерінде, 72 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде