Үлескерлер баспанасының қалай салынып жатқанын бақылай алады
Жаңадан салынатын тұрғын үйлерді жұрт интернет арқылы тікелей эфирде бақыламақ. Үкімет биыл «Біріңғай сандық порталын» іске қосқалы жатыр. Сөйтіп үлескерлер баспанасының қалай салынып жатқанын қадағалауға мүмкіндік алады.
Автор: Жәудір Оразхан
17.01.2019
Қайырбек Өскенбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
- Жобаны бір порталға енгіземіз. Құрылысқа қатысы бар, өрт сөндірушілер, төтенше жағдай, әкімдік қызметкерлері құрылыстың барысын көріп отырады.
Сонымен қатар құрылысқа қатысты құжаттың барлығы электронды форматқа ауысады. Оны тапсырыс беруші, жоба авторы, техникалық бақылауға жауаптылар, құрылыс компаниясы мен үлескерлер де кез-келген уақытта ашып, көре алады. Порталда көпқабатты үйдің іргетасынан бастап толық салынып біткенше фото, видеосы салынады және ол ұзақ мерзім сақталады. Үйдің сапасына қатысты сұрақ туындаған жағдайда, электронды журналдағы мәліметтердің көмегімен тексеруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!