{metadescription}
Ақтөбеде полицейлерді пышақтамақ болған жігіт жындыханаға жабылды
Ақтөбеде полицейлерді пышақтамақ болған жігіт жындыханаға жабылды

Ақтөбеде полицейлерді пышақтамақ болған жігіт жындыханаға жабылды

Ақтөбеде көше бойында тәртіп сақшыларына қанжар алып жүгірген тұрғын психдиспансерге жатқызылды. 45 жастағы Сағат Ағадиев енді сол жерде мәжбүрлі түрде емделуі тиіс.

Төрт ай бұрын жұртты дүрліктірген тұрғынның өзі сотқа келмеді. Оның орнына үкімді әкесі тыңдады. Сағат Ағадиев қыркүйекте есірткіге еліріп, қымбат көлікпен жол бойындағы машиналарға соғады. Жолын бөгемек болған тәртіп сақшыларынан қашады. Оны тоқтату үшін бүтін бір көшені жауып тастауға тура келді. Сонда да сабасына түспеген ол полицейлерге аңшылық қанжарды алып жүгірген. Ақыры қызыл жағалылар ауаға оқу атуға мәжбүр болыпты. Сағат Ағадиев бұрын да істі болып, түрмеде жазасын өтеген. Нашақорлығы тағы бар. Бұрын басынан алған жарақаттан ақыл-есінің кемдігін дәрігерлер растапты.     

Ербол Әбдіхалықов, судья:

-Қылмысты есі дұрыс емес күйде жасаған. Ағадиев Сағат Мұхамбетұлы қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Ағадиевті жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда ұстау шарасы қолданылсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде