{metadescription}
Томирис Байсафаның анасы Путинге хат жазды
Томирис Байсафаның анасы Путинге хат жазды

Томирис Байсафаның анасы Путинге хат жазды

Мәскеудегі белді университеттің жоғарғы қабатынан құлап көз жұмған Томирис Байсафаның анасы созбалаңға салынған тергеуге көңілі толмай, Ресей президентінен көмек сұрап отыр. Әділдік іздеген ана қызының өліміне кінәлілер сытылып кете ме қорқады.

Жанна Ахметова, Т.Байсафаның анасы:

-Жаңа сараптама тағайындалды. Қазір жаңа куәгерлерден жауап алынып жатыр. Олар университеттің студенттері мен оқытушылары. Тергеу ақпанға дейін созылды. Тағы да созылуы да ғажап емес. Себебі, ауқымды тергеу жұмысы атқарылды айта алмаймын. Ресейдің бас прокуратурасы істі бақылауға алдық деп жауап жазған еді. Тергеуде полиграф құрылғысын қолдануға рұқсат берілді.

Жанна Ахметованың ендігі үміті өтірікті әшкерелейтін осы құрылғыда екен. Өйткені, ресейлік тергеушілер оқыс оқиға күні марқұмның жанында болған Дағыстан Үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы  Мұртазалы Меджидовты детектор арқылы тексеріп жатқан көрінеді. Оның жақын достарынан да полиграфтың көмегімен жауап алынады дейді марқұмның анасы. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың сәуір айында Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатындағы аудиториясынан отандасымыз Томирис Байсафа құлап кеткен еді. Сол уақыттан бері қылмыстық бап та, тергеушілер де сан мәрте ауысты. Ақыры «Өлімге итермеледі» деген бап бойынша іс қозғағандар күдіктіні әлі таппай жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде