{metadescription}
Алматыда құлаған тікұшақ вип-қонақтар мен туристерді тасу үшін жалға беріліп келген
Алматыда құлаған тікұшақ вип-қонақтар мен туристерді тасу үшін жалға беріліп келген

Алматыда құлаған тікұшақ вип-қонақтар мен туристерді тасу үшін жалға беріліп келген

Техниканы тізгіндеген ұшқыш ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Бортта ұшқыштан басқа адам болмаған. Скай Сервис комапинясына тиесілі «Еурокоптер 130» бірмоторлы тікұшақ Алатау шипажайының аумағына құлапты. Ол Боралдайдағы аэродромнан «Үлкен Алматы»  ұшып-қону алаңына беттеген екен. Діттеген жеріне жетпей апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталып жатыр.

Қаңтардың бел ортасында тағы да қабырғаны қайыстырар қаза болды. Айдың күннің амандығында Алматыдағы «Алатау» сауықтыру кешенінің аумағына бүгін түскі төрт шамасында тікұшақ құлады. Дәл қазір біз оқиға орнындамыз. Бірақ, аумақ қоршалған. Ешкімді кіргізбейді. Түстен бері ашық тұрған ауа райы да тосын мінезін көрсетіп, даланы тұман басты. Еурокоптер 130 маркалы жекеменшік тікұшағы Скай сервис әуе компаниясына тиесілі. Бортта жалғыз болған пилот Валентин Шитов апаттан кейін аман болғанмен, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Оқыс оқиғаға қатысты төтенше жағдайлар комитеті әзірге ашып айтпай тұр. Ресми ақпараттарын қысқа қайырды.

Нұрсұлтан Нұрахметов, ІІМ ТЖК  ресми өкілі:

-СК сервис авиакомпаниясының Еврокоптер-130 маркалы жекеменшік тікұшағы құлады. Ол жанған жоқ. Тікұшақ Боралдай Үлкен алматы көлі маршрутымен бара жатқан болатын. Тікұшақта 1968 жылғы ұшқыш болатын. Ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Осы оқиғаға қатысты тексеріс басталып кетті. Тікұшақ жерге құлағанда жанбаған. Оның омақаса сұлап түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, мұндай маркалы шағын тікұшақ көбіне вип қонақтарды тасуға, туристік мақсатта қолданылады. Бір сағатқа жалға алудың орташа құны 590 мың теңге. Апат болған шипажай енді тексеріс біткенше сауықтыру емес, құзырлы органдардың мән жайды анықтайтын сараптама орталығына айналатындай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде