{metadescription}
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспекторға көмек неге кеш жетті?
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспекторға көмек неге кеш жетті?

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспекторға көмек неге кеш жетті?

Ішкі істер министрі осы Қарағанды облысында соққыға жығылған «Охотзоопром» мемлекеттік мемкемесінің инспекторларына көмектің неліктен кеш жеткенін түсіндірді. Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, бұған қолайсыз ауа-райы себеп. Оның үстіне қарулы браконьерлер GPS навигаторларды алып кеткендіктен, жапа шеккендерді  табу қиын болған.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Біз жараланған инспекторларды таңертең ауруханаға жеткізгіміз келген. Бірақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты түске дейін құтқару тікұшағын көкке көтере алмадық. Сондықтан біраз уақыт жоғалтып алдық.

Сондай-ақ, министр ақбөкендерді аулаған қаскөйлердің екі джиппен жүргенін айтады. Олардың кім екені толық  анықталған. Қазір іздестіріліп жатқан күдіктілер негізінен Қызылорда облысынан екен. Арасында полиция, прокуратура сияқты құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың қызметкерлері жоқ дейді Қасымов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде