{metadescription}
Браконьерлердің шабуылынан тірі қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын айтты
Браконьерлердің шабуылынан тірі қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын айтты

Браконьерлердің шабуылынан тірі қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын айтты

Табиғат қаскөйлерінің қолынан қаза тапқан қарағандылық инспектор Ерлан Нұрғалиевтің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал қаскөйлермен арпалыста тірі қалған екінші инспектордың айтуынша, сол екі джипті бір жылдан бері ұстай алмай жүрген екен. 

Ауыл жұртының шын жақсы адамынан айрылғаны осы болса керек. Марқұм болған табиғат инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің жаназасына Астанадан жеткен Ауыл шаруашылығы министрлігі мен комитет, өз ұжымдастарын айтпағанның өзінде, жиылған ауыл жұртының қарасы көп. Өлім мен өмір арпалысында бірге болған Петр Ницык қаскүнемдердің ойда жоқта тарпа бас салғанын айтады. Өзін қарудың дүмбісімен ұрып талдырыпты. 

Петр Ницык, табиғатты қорғау инспекторы:  

-Есімді жисам, әлгілердің көліктері төбеден асып бара жатыр екен. Ал Ерлан қансырап, қарда етпетімен жатты. Менен де қан кетіп жатыр. Тоқтату үшін бас киім кидім. Ерланға да кигізіп, көтеріп әкеп, көлік дөңгелегіне сүйедім. Жан-жағыма қарап, телефон, патрондар тауып алдым. Олардың қолында автомат болған. Содан қалған болу керек. 

Арыстай азаматты ажалдан арашалап алып қалуға да болар ма еді?! Арада қаншама уақыт жоғалтпағанда. Оқиға 13 қаңтар күні түс қайта болған. қансырап қалған екі инспектор айдалада екі жарым сағат жатып қалған. Өйткені, бұзақылар GPS-навигатор мен көліктің кілтін ала кетіпті. Тек рацияның көмегімен басқа әріптестерін көмекке шақырып, олар әзер іздеп тапқан. Марқұмның туған інісі Нұрлан Нұрғалиевтің айтуынша, ағасы сөйлеуге шамасы келмей, тек қырылдаумен болған. Астанадағы ауруханаға жеткенше жүрегі соғып жатыпты. Алайда, бәрібір кеш. Өлім аузында жатқан адамды 300 шақырымнан астам жолда көлікпен апарған.  

Нұрлан Нұрғалиев, марқұм Е. Нұрғалиевтің інісі: 

-Жағдайды айтып жатыр, солай-солай, адам болмайды. Миы жұмыс істемейді. Ұрсып жатыр, қайда, сонша уақыт неге жүрдіңдер? 3-4 сағат жасаушы едік, көмектесуші едік, қазір қолымыздан ештеңе келмейді, құтқаруға болушы еді дейді. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, бүгінде табиғат қорғаушыларының мәртебесін көтеру үлкен мәселеге айналған. 120 миллион шаршы шақырым аумақты небәрі 200-ден астам инспектор қорғайды. Табысы төмен. Броконьерлерді ұстағанның өзінде олар қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетеді екен. 

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: 

-Қолдаушылары бола ма, немесе біреулері пара алып жаба ма, оны енді нақты біз ешкімді қолдан ұстап алғанымыз жоқ. Бірақ, жылдан-жылға осындай жағдайлар болып жатыр. Соның нәтижесін сотқа дейін апарып, біреуді жауапкершілікке тартып, түрмеге отырғызып, ондай фактілер аз.

Тірі қалған Петр Ницыктің айтуынша, әлгі екі джипті инспекторлар соңғы бір жыл бойы қолға түсіре алмай, бірнеше рет сан соқтырып кеткен екен. Енді қаскөйлердің қолынан шейіт болған Ерлан Нұрғалиевтің өлімі бүтін Баршын ауылына қайғы болып отыр. өйткені, осы қызметіне дейін ауылда 20 жылдан астам аумақтық инспектор болып, ерекше қызметімен көзге түскен екен. Енді табиғатты қорғау жолында да жанын пида еткен азаматты Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ерлігі үшін» мемлекеттік марапатына ұсынып отыр.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде