{metadescription}
Ресейлік қос құрбы қазақ тілін насихаттап жүр
Ресейлік қос құрбы қазақ тілін насихаттап жүр

Ресейлік қос құрбы қазақ тілін насихаттап жүр

Мәскеу қазақша сөйлейді. Ресейлік Анастасия Решетникова мен Елизавета Осипова есімді қос құрбы қазақ тілін насихаттап жүр. Бойжеткендердің «Москва қазақша» атты видеоблогы көптің көңілінен шықты.

Бұл - Анастасия Решетникова мен Елизавета Осипованың алғашқы жұмысы. Екеуі де Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің түлектері. Қос құрбы бұл бейнежазбада Мәскеудегі ең қымбат көшенің тарихымен қазақ тілінде таныстырады. Қазақ тілін үйренушілерге арналған жоба әлеуметтік желідегі жұрттың қолдауына ие. Ана тілін білмеймін кейбір қандастарымызға да үлгі. Настя мен Лиза университет қабырғасында жүріп қосымша шет тілі ретінде қазақ тілін меңгеруге ден қойыпты. Қазір Елизавета сарапшы, ал Анастасия ақпараттық агенттікте қызмет істейді.

Анастасия Решетникова:

-Біз үшін қазақ тілін үйрену өте қиын болды. Әсіресе қазақ грамматикасын.

Елизавета Осипова:

-Қазір бізге қазақ тілінде практика жетіспейді. Сосын Лизамен қазақша сөйлесуге тырысамыз. Осы жобамызда біз қызықты көшелер туралы және сәулет, мәдениет пен әдебиет туралы айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.