{metadescription}
Қарағандыда 16 көшенің атауы өзгеретін болды
Қарағандыда 16 көшенің атауы өзгеретін болды

Қарағандыда 16 көшенің атауы өзгеретін болды

Онамастикалық комиссия мүшелері идеологиялық түрде ескірген немесе мән мағынасы жоқ атауларды өзгертумен биыл да айналысамыз дейді.

 

3 ші Қазандық немесе Мануфактуралық деген атаулардың қайдан шыққанын қазіргілер білмейді. Бірақ кеңес қайраткерлер таусылғасын көшелерге Вагонная немесе Отвальная деген сиақты атауларды таңа берген. Осындай 16 көше аты әйтеуір биыл өзгеретін болды. Олардың орнына Арман, Бірлік, Береке деп қазақшаланбақ. Алғашқы қоғамдық тыңдауларда тарихи атауды ауыстыруға жол бермейміз деп қызылкеңірдек болғандар да табылған. Түсіндіру жұмыстарының арқасында тулағандарды көндіре алдық дейді мамандар. Жалпы Қарағанды облысы бойынша өткен жылдың ішінде 300 ге жуық көше атауы өзгерген.

Айбек Сүлейменов Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы:

-«Насыпная», «Пахотная» деген атаулар өзгеріп жатыр. Дәл сол сияқты қазір «Бензинная», «Вагонная» деген сияқты бірінші кезекте өзгертуді талап ететін атаулар бар. Бір 14-15 көшенің атауын қазір қарап отырмыз. Ешқандай шектеу шаралары болмаса осы бағытта жұмыс ары қарай жалғасын табады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде