{metadescription}
Ақтөбеде ұялы телефон тиеген көлік өртеніп кетті
Ақтөбеде ұялы телефон тиеген көлік өртеніп кетті

Ақтөбеде ұялы телефон тиеген көлік өртеніп кетті

Ақтөбеде тұрғындар көшенің қақ ортасында өртенген қырғыз нөмірлі көліктің маңайын айналшықтап жүр. Жергілікті жұрт екі күннен бері күл арасынан кәдеге жарайтын зат таппай әлек. Әсіресе темір-терсек іздегендер осында жиналған.

Қырғыз елінен Ресейге бет алған жүк көлігінің тіркемесінен от шығып, түгел жанып кетті. Ішінде қымбат техника, киім-кешек және мыңдаған ұялы телефон болыпты. Көлік жүргізушісі күлге айналған тіркемесін сол күйі қалдырып, Мәскеуге қарай жүріп кеткен. Жақын маңдағы тұрғындар көше бойында күл-қоқыстың шашылып жатқаны жөнінде шағым айтып, әкімдікке хабарласқан. Ондағылар жұмысшыларын жіберіп, қазір өртенген тіркеменің орнын тазартып жатыр. Олармен жұрт та жағаласып, сау қалған техника іздеп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде