Елімізде ақылы тестілеу басталды
Бүгін елімізде алғашқы рет ақылы ҰБТ басталды. Бұл ұлттық тестілеуді тапсырғандар тек ақылы бөлімге түседі. Ел бойынша жаңа емтиханға қатысуға 36 мыңға жуық талапкер үміт білдірген. Оның 30 мыңы – 11-сынып оқушылары. Қалғандары – былтыр межеленген ұпайды жинай алмай қайта бағын сынап жатқандар.
Автор: Жәудір Оразхан
18.01.2019
Эльмира Суханбердиева, Білім және ғылым вице-министрі:
- 120 сұрақ болады. Тапсыру уақыты 3 сағат. Тестілеу қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Ұлттық тестілеудің төрт рет өткізілуі - балалардың психоэмоционалдық көңіл-күйлері, бәрі дұрыс болсын деген ойдан туындаған.
Ақылы тестілуге қатысудың құны – 2.242 теңге. Бүгінгі сынақтан сүрінбей өткендер еліміздегі кез-келген университетте ақылы білім алуға құқылы. Ал мемлекеттік грантқа түскісі келсе, міндетті түрде маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысып, жоғары бал жинауы тиіс. Түлектер биылдан бастап тестілеуді жылына төрт рет тапсырады: қаңтар, наурыз, маусым және тамызда. Маусым айындағыдан басқасының бәрі – ақылы. Қаңтардың 20-сына дейін жалғасатын емтиханды талапкерлер үш тілдің бірін таңдап, тапсыра алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!