{metadescription}
Елімізде «ақылды қала» пайда болды 
Елімізде «ақылды қала» пайда болды 

Елімізде «ақылды қала» пайда болды 

Астанадан небары 110 шақырым қашықтықтағы Ақкөлді толықтай сандық жүйеге көшіру үшін жарты жылға жуық уақыт кеткен. Қазір 13 мыңнан астам тұрғыны бар шаһарда адамды жазбай танитын камералар қаптап, үйлерге жылу, су есептейтін смарт құрылғыларға дейін қойылған. Елден ерекше қалада бүгін президентте те болып қайтты.

Ақкөл ауылында 6 ай бұрын интернетті қойып ұялы байланыс зорға ұстайтын. Ал, қазір бұл елді-мекен, еліміздегі ең алғашқы Smart sity. Толықтай цифрландырылған қаланы бүгін Елбасы арнайы келіп көрді. Президентке алдымен цифрлы Ақкөлді басқару орталығы көрсетілді. Бұл жерде мамандар қаланы камерадан бақылап қана қоймай барлық үйдің температурасына дейін қадағалап отырады. Осы жерде мемлекет басшысы қаланы осылай бір тетікпен басқарудың тиімділігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Задачу, которую я всегда видел, - управлять Казахстаном, как компанией или предприятием, из единого центра. Вот здесь концентрированное управление, и это преимущество сейчас все признают. Не демографическая болтовня - кто, где, что будет делать, а вертикальное, конкретное, жесткое управление дает хороший результат в смысле экономики и вообще.

Жалпы, Ақкөлді smart sity-ге айналдыру жобасы жарты жыл бұрын басталған еді. Содан бері барлық үйге жарық пен су есептейтін ақылды құрылғылар қойылыпты. Әрі адамдарды жазбай танып, аты-жөніне дейін шығарып беретін 100-ден астам камера орнатылған. Нәтижесінде тұрғындардың коммуналдық шығындары қысқарып, қалада қылмыс азайыпты.

Самат Інбаев, «Қазақтелеком» АҚ жаңа қызметтерді дамыту департаментінің директоры:

-Үлкен экранда қаланың картасы орналасқан. Егер қалада тәртіп бұзылса, сонымен қатар қару-жарақпен біреу жүрсе, сол картада орналасқан жерінде қызылмен сигнал беріледі. Оператор оны көріп, онлайн режимде болып жатқан ақпаратты видео арқылы алады.

Сондай-ақ, көшеден Астанадағы секілді жылы аялдамалар мен ұялы телефонды қуаттау фунциясы бар орындықтарды да көруге болады.

Ақылды қала атанған елді-мекеннің тағы бір ерекшелігі тұрғындарға ортақ тегін интернеттің болуы. Смарт Ақкөл деп аталатын wi-fi мына секілді жылы аялдамаларда ғана емес,  қаланың көп жерінде қол жетімді. 

Қаланы цифрландыруға 2,5 миллиард теңгеге жуық ақша жұмсалыпты. Қыруар қаржының басым бөлігі инвестиция ретінде тартылған. Енді алда Астана, Алматы, Шымкент пен Қарағанды қалаларын да 100 пайыз сандық жүйеге көшіру жоспарда бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде