{metadescription}
Түркістан әкімі жаппай сүрілетін үйлерге қатысты мәлімдеме жасады
Түркістан әкімі жаппай сүрілетін үйлерге қатысты мәлімдеме жасады

Түркістан әкімі жаппай сүрілетін үйлерге қатысты мәлімдеме жасады

Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін сүрілетін үйлерге қатысты шу шыққан соң шаһар басшысы брифинг өткізді. Әліпбек Өсербаев жерді қайтару үрдісі заң шеңберінде жүргізілетінін мәлімдеді. 167 нысанды сүру мерзімі әлі белгісіз көрінеді. Ал бұдан бұрын әкімнің орынбасары бұл іс 1 наурызға дейін аяқталады деген еді. Сондай-ақ, қалада тұрғындарға артық жер жоқ деген сөз де теріске шығарылып, бос телімдердің бар екені айтылды.

Түркістандағы су жаңа медиа орталықтағы жиын әкім келе сала шұғыл басталып кетті. Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, мемлекет қажетілігі үшін  154 үй мен 13 кәсіпкерлік нысанды қайтару ойдағыдай жүріп жатыр. Ал 40 нысанның иесі баспанасына нарықтан төмен баға белгіледі деп келіспей отыр. «Шаш ал десе бас алатын біз емес» деген басшы ешкімді күштеп шығармаймыз деп уәде берді.

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:

- 167 нысанның 91-і келісім берді. Кейбір азаматтар бізге тезірек  қаржыңызды беріңіз деп отыр. Ал біз бұзбай отырмыз, алмай отырмыз. Бірінші кезекте орны белгіленген жерді ғана бұзғымыз келеді. Адамдар сәуірге дейін етек-жеңін жинап өздері шығып кетсін деп отырмыз.

Қаланың қақ ортасындағы бұл аумақта мұражай, шығыс моншасы секілді мәдени әрі көңіл көтеретін ғимараттар салынуы тиіс. Бірақ кейбір тұрғындар әкімдік ұсынған баға тым тиімсіз деп шулаған болатын. Әкімнің айтуынша, төмен бағаны көтерудің басқа да балама жолы бар.

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:

- Біреуінің бабасынан атасынан қалған үйлер бар. Сондықтан бағасы қымбат болуы керек деген түсінік бар. Сондай ой болса  кез-келген бағалаушыны шақыртыңыздар деп отырмын. Болды, басқа әңгіме жоқ арада.

Осыған дейін тұрғындарға бос жеріміз жоқ деген әкім орынбасарының сөзі де жоққа шықты. Үйін босатамын деушілерге 10 сотықтан бөлінген 32 гектар жер де бар екен. Ал, баспасөз жиынынан шыққан әкімді қаумалаған ел түркістандық шенді-шекпенділердің қысым көрсетіп жатқанын айтып шағымданды.

Бақытжан Бөкебаев деген ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі мен  прокурор екеуі шақырды. Мен әлеуметтік желіге өзімнің жағдайымды жазған едім. Мен енді не істеймін, шындықты ешкім тыңдамаса. Олар мұныңды доғар деп отыр. Үйден де айырыласың, ақшадан да айырыласың деп ескертті.

Іс насырға шаппасын деді ме, әйтеуір, Әліпбек Өсербаев тұрғындарға сес көрсетті дегендерді тексерем деп уәде берді. Ал, бағаға келіспеген жұртқа басқа бағалаушы компанияға жүгіну керектігін айтты. Сөйтіп, тұрғындар заңгерді де өздері жалдауы тиіс. Бірақ олардың айтуынша, жергілікті қорғаушылар бұл іске араласқысы келмейтінін жеткізген көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде