{metadescription}
Табиғатты қорғау инспекторлары заңға өзгеріс енгізуді сұрап отыр
Табиғатты қорғау инспекторлары заңға өзгеріс енгізуді сұрап отыр

Табиғатты қорғау инспекторлары заңға өзгеріс енгізуді сұрап отыр

Табиғатты қорғау инспекторлары қару-жарақты қолдану мүмкіндігін кеңейтетін заңға өзгеріс енгізуді сұрап отыр. Өйткені, бес қаруын сайлап шығатын броконьерлерден қорғануға тура келеді. Ал соңында қызметін асыра пайдалану деп, инспектордың өзі сотталады. Ондай жағдай да болған. Қарағанды облысындағы табиғат инспекторының өлімінен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтермекші.

Бұл аң-құсты қорғайтын мемлекет өкілінің күнделікті жұмысы. Қаруды біреуді қорқытудан бұрын, қорғану үшін қолданады. Өйткені, негізінен Қытайға саудаланатын киік мүйіздерінің келісі 2 мың еуроға дейін барады. Мұндай байлыққа кенелгісі келген табиғат жауыздары адамды да аямауы мүмкін. Оларды ұстап, істі сотқа дейін жеткізгеннің өзінде жолын тауып, жазадан сытылып кете береді екен. 

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Бірінші рет емес, осындай жағдайға тап болғанымыз. Сотқа барады, барғаннан кейін әрі қарай шешім қабылданбайды. Сондықтан осы мәселені біз қатты көтеруіміз керек, Үкімет деңгейінде шешуіміз керек.

Ал инспекторларға бағынғысы келмейтіндермен мәселе тіпті қиын. Мәселен, 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында инспектор Руслан Загиров заңсыз балық аулаушыларды ұстау үшін ескерту ретінде аспанға, суға оқ атуға мәжбүр болады. Артынша броконьерлердің шағымы бойынша ол сотты болып, үш жылға жануарлар әлемін қорғау саласында жұмыс істеуге тыйым салынады. Сондықтан, мамандар олардың қару қолдану мүмкіндігін кеңейту керек дейді. 

Ерзат Әлзақов, «Охотзоопром» РМҚК кәсіпорнының бас директоры:

- Көп жағдайда біздің инспекторларды кінәлі деп табады. Осы мәселені заң жағынан қайтадан қарап инспекторлардың қару қолдану құқығын көбейту керек деймін.

Қаңтардың 13-і күні қаскөйлердің қолынан қаза тапқан қарағандылық инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өлімінен кейін қарақшылар әлі табылмай жатыр. Әзірге тірі қалған екінші инспектор  Петр Ницыкпен күдікті ретінде ұсталған адамдарды тану жұмыстары жүргізілуде. Бар анығы, шабуыл жасағандар Қызылорда облысынан екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде