{metadescription}
Алматыда құлаған тікұшақтың «қара жәшігі» табылды
Алматыда құлаған тікұшақтың «қара жәшігі» табылды

Алматыда құлаған тікұшақтың «қара жәшігі» табылды

Алматыда тікұшақтың құлауының себебі ретінде мамандар 3 түрлі болжам айтты. Ол техникалық ақау, ауа-райының қолайсыздығы және адами фактор. Қазір апат орнында мамандар тексеріс жүргізуде. Белгілі болғаны, Валентин Шитов тізгіндеген Еурокоптері құлардың алдында 3 минут бұрын байланысқа шығыпты. Пилоттың нақты не айтқаны әзірге белгісіз. Ал қара жәшік еш бүлінбепті. Енді мамандар оның ішінен қандай да бір ақпарат алуға тырысады....

b>

Алатау шипажайында апатқа ұшыраған тікұшақ сол күйі тұр. Аумақ қоршалған, тірі жан кіргізбейді. Қазір оқиға орнында арнайы құрылған комиссия тексеріс жүргізуде. Белгілі болғаны, Еурокоптер 130 маркалы тікұшағында жанармай толы болған. Апат орнында қара жәшік пен әуе техникасының ішіндегі видеотіркеуіш те табылыпты. Құрылғылар еш бүлінбеген.  Әзірге құзырлы министрлік апатқа қатысты 3 түрлі болжам айтты.

Нұрсұлтан Жұмасұлтанов, ҚР ИИМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы:

-Қазіргі уақытта оқиғаны тексеретін комиссия құрылды. Ұшқыш сағат 16.05-де байланысқа шыққан. Не дегенін әзірге айта алмаймын. Апат 16.08-де болды. Апатқа қатысты үш болжам қарастырып жатырмыз:  техникалық ақау, адами фактор және ауа-райының қолайсыздығы.

Ал ажал құшқан ұшқыш Валентин Шитов тікұшақтың қожайынын алып кету үшін Боролдай аэродромынан Үлкен Алматы көліне бағыт алып, сол күй діттеген жеріне жете алмады. Марқұмның жақын досы Игорь Медведев Шитовты тәжірибелі ұшқыш әрі жаны жайсаң азамат еді деп еске алады. Айтуынша, марқұм ұзақ жылдар бойы Шекара авиациясында үздік ұшқыш болыпты. 2002 жылы жекеменшік әуе компаниясына ауысқан. 50 жастағы Валентин Шитовтың артында бір ұл, бір қызы қалды. Оның жесірі де әскери саланың қызметкері екен.

Игорь Медведев, В. Шитовтың досы:

-Ол аспанды жақсы көретін адам еді. Ауыр қаза. Сол күні ұшуға ешқандай бөгет болмаған. Ол үш күн бұрын толығымен медициналық тексеруден де өткен. Аяқ асты тұман басты. Білмеймін не айтарымды. Өз ісінің маманы еді. Талай шәкірт тәрбиеледі. Мені де үйреткен сол. Көнбеске амал жоқ. Енді сараптама қорытындысын күтеміз. 

Ал азаматтық авиация комитеті құлаған тікұшақ тиесілі Скай Сервис компаниясының өзге әуе көліктерінің ұшуына уақытша тыйым салды. Әуе компанияның өкілдері апатқа ұшыраған тікұшақ жыл сайынғы жоспарлы тексерістен сүрінбей өтетіндігін жеткізді. Олар енді марқұмның отбасына өтемақы төлеп, жерлеу рәсімдеріне қаржылай көмек көрсетеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде