Ақтөбеде хоккейшілер мұз айдынында төбелесті
Ақтөбеде хоккейден жастар лигасының ойыншылары мұз айдынында төбелесті. Жергілікті командадан 5:0 есебімен таза ұтылған астаналық «Барыстың» жігіттері ойын аяқталар сәтте қарсыластарына жұдырық ала жүгірген.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.01.2019
Қос команда ойыншыларының жаппай төбелесіне айдындағы төрешілердің өзі араша бола алмады. Хоккейшілер бірін-бірі мұзға жатқызып алып төмпештеген. Бірақ ауыр жарақат алған ешбірі жоқ. Дегенмен, «Ақтөбе» командасынан жеңілген «Барыстықтар» ойын аяқталған кезде дәстүр бойынша қол алысудан бас тартқан. Оның орнына төбелесуді жөн санапты. Олардың бұл қылығына ақтөбелік жанкүйерлер де ашуланды. Сондықтан астаналық ойыншыларды қонақ үйге дейін тәртіп сақшыларына күзетпен жеткізуге тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!