Ақтөбе тұрғындары екі ұры келіншекті ұстап берді
Жолаушылар қоғамдық көлікті аялдамада жарты сағат тоқтатып қойып ұрыларды жібермей қойған.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.01.2019
Бұл келіншектер автобуста жолаушылардың қалтасын қағуға дәнігіп алған. Бұрын да бірнеше рет ұрлық үстінен түсіп, кейін жәбірленушілердің кешірімімен жазадан құтылған көрінеді. Бұл жолы автобустағы әйелдердің бірінің сөмкесіндегі әмиянын алып жатқанын жолаушылардың бірі көріп қалады. Сұғанақ келіншектер болса сол маңдағы аялдамадан түсіп қалуға әрекет етеді. Оларды жолаушылар жібермей, ақыры тәртіп сақшыларының қолына тапсырды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!