{metadescription}
Алматы облысындағы мектепте «Библия» діни кітабы таратылған
Алматы облысындағы мектепте «Библия» діни кітабы таратылған

Алматы облысындағы мектепте «Библия» діни кітабы таратылған

Мектепте діни әдебиет таратылмауы тиіс. Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген қоғам белсенділері заңға қайшы әрекет жасағандар жауапқа тартылуы тиіс екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданындағы Қырбалтабай ауылында мектеп жанындағы интернатқа қайырымдылық көмек көрсеткендер балаларға түрлі сыйлықтармен бірге Інжіл кітабын және діни ақпараттар жазылған кітапшалар ұстатып жіберіпті....

span>

Мектеп қабырғасында «Библия» таратылуда деген Гөзел Құлжабаева білім ошағындағы бұл жағдайды кездейсоқ байқағанын айтады. Таныстарының үйіне барған ол сол жерден діни кітаптарды көріпті. Кейін оның мектеп-интернатта балаларға сыйлықпен қоса беріп жібергені анықталған.  

Гөзел Құлжабаева, қоғам белсендісі:

-Ішінде бір шұлығы бар. Мынадай қораптың ішіне салынған. Мұнда да діни ағымда нәрселер жазылған. Сонымен қатар, ішінде мынадай брошюркалар бар. Ол да дінге қатысты дүние.

Қоғам белсендісінің айтуынша, бұл оқиға Қырбалтабай ауылында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп жанындағы интернатта болған көрінеді. Оқушыларды сыйлықпен жарылқаған «Қазақ-Герман-Американдық библия миссиясы» атты қоғамдық бірлестік екен. Бұл ұйым 22 жыл бойы аталған интернатқа қайырымдылық көмек көрсетіп келіпті. Бірақ ұйым өкілдері бірде-бір рет діни кітап таратқан емеспіз деп отыр.

Алексей Лубошников, «Қазақ-Герман-Американдық библия миссиясы» ҚБ президенті:

-Осы жолы балаларды Рождество және жаңа жылмен құттықтау үшін сыйлықтар үлестірдік. Онда тәттілер, жылы киім және ойыншықтар бар. «Библия» баланың қолына кездейсоқ тап болған. Әрине, кітаптың бізге тиесілі екенін мойындаймыз. Бірақ ешқашан таратқан емеспіз.

Бұл іске өздерінің ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген мектеп басшылығы бұған интернат меңгерушісі жауап беруі тиіс дейді.  

Самал Өскенбаева, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы:

-Мектепте болған жоқ қой ол жағдай. Мектеп жанындағы интернатта болды. Бізге қарайды интернат. Бірақ интернаттың меңгерушісі бар ғой....

Алайда Гөзел Құлжабаева «балалы үйдің ұрлығы жатпайды» деген белгілі тіркесті қаперге салды. Ол оқушылармен кездескенде түсіріп алған бейнекөріністе балалар діни кітап таратылғанын растады дейді.  Ал білім ошағында діни кітаптар тарату заңға қайшы екенін алға тартқан Гөзел Құлжабаеваға жүгінсек, оқиғаның мән-жайын білетін ата-аналар мектеп тарапынан қысым жасалуы мүмкін деп алаңдайды. 

Гөзел Құлжабаева, қоғам белсендісі:

-Кейін ата-аналар өзі хабарласты. Менде жазбасы да бар. Сол жерде 120 баладан түсініктеме алған.  Өйткені, балаларымызды балаларымызды интернатқа алмай қояды. Сондықтан біз қол қойдық дейді.

Қырбалтабай мектебіндегі дауға әзірге нүкте қойылмайтын сияқты. Ал облыстық әкімдіктегілердің хабарлауынша, білім ошағының директоры мен интернат меңгерушісі  қызметінен уақытша шеттетілген. Сондай-ақ, осы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.