{metadescription}
ШҚО-да құтқарушылар қардың астында қалған көліктерді әлі аршып алып жатыр
ШҚО-да құтқарушылар қардың астында қалған көліктерді әлі аршып алып жатыр

ШҚО-да құтқарушылар қардың астында қалған көліктерді әлі аршып алып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында ақтүтек боран жұртты әлекке салды. «Өскемен-Алматы» бағыты бойынша қар құрсауында қалған 700 адам құтқарылды. Қас-қағым сәтте жолдың  бәрін ұйтқыған желден қар басып қалған. Салдарынан, 230-ға жуық көлік ақұлпаға малтығып, жүре алмай қалды. Ал жолаушылар бір тәулік бойы көлік ішінде соңғы жанармаймен жан сақтағанын айтуда.

Бұл – Өскеменнен Алматыға қатынайтын басты күре жол. Мұнда бет қаратпайтын боранның салдарынан 200-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды. Тіпті, қарға малтығып қаңтарылғандардың қатарында жолаушыға лық толы 10-ға жуық автобус та бар. Жұрт бір тәуілікке жуық уақыт айдалада тұрып қалған машиналарында түнеп шықты.

-Жол жоқ. Жан-жақтың бәрі тоқтап қалған машиналар. Тіпті, жеңіл көліктер көміліп қалды.

Осылайша өңірдегі тас жолдарда қар құрсауында қалып қойған 700 адам құтқарылды. Олардың барлығы жақын елді мекендегі мектептерге орналастырылған екен. Бірақ үш шақырымға дейін тізбектелген көліктер қар тазалаушылардың өздеріне кедергі келтіріп жатыр.

Нұржан Жұмаділов, ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

-Олар қар тазалайтын көліктің өзіне кедергі келтірді. Ол айналып өтемін деп, жолдан шығып қарға түсіп кетті. Өкінішке қарай, оны тартып шығару мүмкін болмады. Өйткені ол да – ауыр техника.

Бұрқасын бәсеңдегенімен аймақтағы күре жолдарда тәртіп сақшылары күндіз-түні кезекшілік етуде. Сондай-ақ, қар құрсауындағыларды құтқаруға жұмылдырылған 100 адам мен 40 арнайы техника әлі де ақ ұлпаның астында қалған темір тұлпарларды аршып алып жатыр. Ал синоптиктердің болжамына қарағанда, еліміздің бір қатар өңірінде қар жауып, борандатты. Желдің  екпіні кей жерлерде секундына 25 метрге  жетуі мүмкін. Сондықтан құтқарушылар жұртқа алыс жолға шықпауға кеңес беруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде