{metadescription}
Семейде сотта жеңіп шыққан жұмысшылар жалақысын әлі ала алмай жүр
Семейде сотта жеңіп шыққан жұмысшылар жалақысын әлі ала алмай жүр

Семейде сотта жеңіп шыққан жұмысшылар жалақысын әлі ала алмай жүр

Семейде «Қазэлектромонтаж» акционерлік қоғамының жұмысшылары тоғыз ай бойы жалақы ала алмай жүр. Жұмысшылардың айтуынша, олар қарыз мекемені сотқа да беріпті. Алайда, жұмысшылар сотта жеңіп шыққанымен, басшылары 57 млн. теңгені қайтаруға асықпайды. Есесіне, кәсіпорынның жалақыдан бөлек өзге де қарыздары 300 млн теңгеге жеткен екен.

Жұмысшылар келісім-шартқа сәйкес, орташа есеппен айына 100 мың теңгеге дейін жалақы алулары тиіс. Бірақ, олар мұндай ақшаны қолымызға ұстап көрген жоқпыз деп отыр. 9 айдың қарызы қордалана келе 57 миллионға бір-ақ жеткен.

Сәкім Ермеков, электрмонтаждаушы:

-Содан 9 ай болды. Бармаған жеріміз жоқ. Сотқа да жүгіндік. Оның қыркүйек айында шыққан шешіміне дейін бар. Енді, әлі жүрміз.

Мекеме басшысы болса, өздеріне тапсырыс беруші компания құрдымға кетіп, 700 млн. теңге қарызын қайтармағанын айтып ақталды. Соның салдарынан, қызметкерлеріне 57 млн. теңге берешек болып қалған екен. Сондай-ақ, кәсіпорынның салық пен банк алдындағы қарызы да еселене түсіпті.

Эльдар Байканов, «Қазэлектромонтаж» АҚ директоры:

-Ақшамызды қайтару үшін біз оларды сотқа да бердік. Өйткені, соның салдарынан банк алдындағы қарыздарды кесте бойынша жаба алмай қалдық. Олар бізді банкрот етіп тану үшін, сотқа беріп жатыр. Сөйтіп есепшоттарымыз түгел бұғатталып қалды. 

Қазір инвестор табылып, кәсіпорын жекенің қолына өтіп жатыр. Енді жаңа басшы наурыз айының соңына дейін қордаланған қарыздардан толық құтылуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, мұндағы жұмысшылардың бәрі жаңа мекемеге ауыстырылтын болады.

Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:

-Кәсіпорынның сот арқылы құрдымға кеткенін жариялау қажет етеді. Ол үшін кем дегенде екі жыл керек. Бұл тиімсіз. Сондықтан ең жеңілі инвестор арқылы жұмысты жандандыру деп шештік.

«Қазэлектромонтаж» өңірдегі ең ірі мекеменің бірі. Ол 500 кВт-қа дейінгі электр желілерінің құрлысымен айналысып келген еді. Сондықтан атқамінерлер мұндай мекемені сақтап қалуды жөн санадық деп отыр. Ал, инвестор болса бұл кәсіпорынды құрылыс компаниясына айналдыруды ұйғарыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде