{metadescription}
Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар 1 миллион теңгені қолды қылған
Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар 1 миллион теңгені қолды қылған

Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар 1 миллион теңгені қолды қылған

Бір миллион теңгені қолды қылды! Алматыда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған қаскөйлер кассадан осыншама қаражатты алып кеткен.

Ал бұзақылардан оңбай таяқ жеген ойынхананың күзетшісі Қайрат Елтімбаевтің басы бірнеше жерден жарылып, қолы сыныпты. Үйінде емделіп жатқан жігіт ағасы таңғы уақытта тап бергендер ұрлықты алдын ала жоспарлап, ұрымтал сәтті күткенін айтады. Өйткені, сол уақытта букмекерлік кеңседегілер үзіліс жариялап, ішінде екі қызметкерден басқа, тірі жан болмапты. 

Қас қағым сәтте болған шабуыл Қайрат Елтімбаевтың әлі көз алдында. Ұзақ жылдар спортпен айналысқан қарулы жігіт тұтқиылдан тап бергендерге қарсылық көрсету былай тұрсын, орнымнан тұрып үлгермедім дейді. Маска киген екеуі жуан темірмен тек басынан ұрғылап, есінен тандыруды көздепті.

Қайрат Елтімбаева, күзетші:

-Жанымда орындықты көріп, сонымен қорғандым. Екеуі мені темірмен ұрып жатты. Үшіншісі бірден кассаға кеткенін көрдім. Қателеспесем, 25-30 жастағы жігіттер. Кеңсені бес саусақтарындай біліп, оңтайлы сәтті күткен. Себебі, сол уақытта біз үзіліс жариялап, іште ешкім болмаған еді. Барлығы санаулы минуттың ішінде  болды.

37 жастағы жігіт үшінші қаскөй кассадағы қызметкерді аяғымен теуіп, аузын матап тастағанын айтады. Кейін ақшаның түгін қалдырмай сыпырып кеткен. Басы бірнеше жерден жарылып, қолы сынған Қайрат кешегі жайттан кейін ойынханада жұмыс істеуге қаймығып қалғандай.

Қайрат Елтімбаева, күзетші:

-Букмекерлік кеңседе істегеніме бір жылға жуықтады. Жанжалдың түр-түрін көргем. Төбелесуге дейін барған кездер болған. Енді бәс тігетін жерде жұмыс істемеймін. Кеңсенің иесі маған материалдық көмек көрсететіндігін айтты.

Жолдың бойында тұрған букмекерлік кеңседен күңкілдей, көңілсіз шығып жатқандардың жанжалын жергілікті тұрғындар жиі көреді екен. Ал бәс тігетін жерге жапсарлас орналасқан дәмхананың басшылығы ойыннан ұтылғандардың төбелесінен шаршадым дейді. Бір айдын ішінде болған текетірестердің барлығы бейнебақылау камерасына түсіріліп, сақтаулы тұр екен.

Мезраб Халилов, кәсіпкер:

-Ақшаларын ойыннан ұтылып, ашуға булығады. Сосын кім көрінгенге жұдырық ала жүгіреді. Бұл үйреншікті құбылысқа айналды. Мен тәртіп сақшыларына талай мәрте арыз жаздым. Нәтиже шамалы болып тұр. Демхананы тонай ма деп қорқатын болдық енді. Олардан бәрін күтуге болады. 

Букмекерлік кеңсенің басшылығы тергеу аяқталмайынша, пікір айтудан бас тартты. Ал кассада отырып, үшінші бұзақыдан соққы алған қыздың қазіргі денсаулығы бір қалыпты. Психологиялық шок алған бойжеткен кассада бір миллион теңге болғанын айтады. Полиция таңалакеуімде қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді әлі іздестіріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.