{metadescription}
Жоғарғы сот Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Жоғарғы сот Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Жоғарғы сот Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Үкімнің күші жойылмайды! Жоғарғы сот 15 адамды қырып салған Владислав Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 2012 жылдың желтоқсан айында өмір бойы бас бостандығынан айырылған еді. Ал осы жолы Жоғарғы сотқа жүгінген Челахтың адвокаты 30 миллион теңге өтемақы да сұраған.

«Іс қайта қаралсын» деген көп талаптың тек біреуі ғана. Тиісті жазасын өтеп жатқан Челах Біріккен Ұлттар ұйымының шешіміне жүгіне отырып, істі қайта қарау жөнінде өтініш жасалған. 

Гүлмира Шалдықова, В. Челахтың адвокаты:

- Халықаралық келісімге сәйкес, Қазақстан Челахқа құқықтық жағдай жасауы тиіс. Өйткені істі қарау кезінде оның бірқатар құқығы бұзылған. Сондықтан да менің қорғап жатқан Челах істі қайта тергеуге жіберуді сұрайды.

Челах мұнымен қоймай «жеті жылдай жазықсыздан түрмеде отырдым» деп мемлекеттен 30 миллион теңге өтемақы талап етіпті. Қылмыскердің осы сияқты талаптары Жоғарғы соттағыларды да қайран қалдырды. Құзырлы орындар халықаралық ұйымның еліміздегі соттың  үкіміне араласуына хақысы жоқ деген пікірде.

Абай Рахметулин,судья:

- Челахқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Сотталған Челахтың моральдық өтемақы туралы талап арызы да қанағаттандырылмасын.

Елді елең еткізген сотқа Челах та қатысады делінген. Яғни ел аузында  «Қара бүркіт» аталып кеткен аса қатаң жүйедегі түрмемен бейнебайланыс орнатылады деген -ді. Бірақ олай болған. Ал Челахтың мұнымен тоқтайтын түрі жоқ сияқты. Оның жаңа адвокат енді еліміздегі адам құқығы жөніндегі комитетке шағымданатынын айтады.

Челах пен адвокатының енді нені көздейтіні белгісіз. Себебі, Жоғарғы сот олардың өтінішін қабылдамай қойды. Бұлардың қайтадан шағым түсіруі үшін нақты бір себеп болуы керек. Ал бүгінгі соттың шешімі «Қара бүркітке» поштамен жеткізілетін болады. Естеріңізге салсақ, Челах «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін өмірбақи бас бостандығынан айрылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде