{metadescription}
«7-20-25» бағдарламасына баспанасы барлар да қатысуы мүмкін
«7-20-25» бағдарламасына баспанасы барлар да қатысуы мүмкін

«7-20-25» бағдарламасына баспанасы барлар да қатысуы мүмкін

Ұлттық банк үй-жайы бар адамдарға 7 пайыздық ипотекамен пәтер алуға рұқсат етуді ұсынды.

Мемлекеттік бағдарламаға, әсіресе, көп балалы отбасылар, ұл мен қызына үй алып бергісі келетін ата-аналар, басқа аймаққа көшіп келген жанұялар  да қатысуға құқылы, - дейді Ұлттық банк төрағасы. Олардың  меншігінде  баспанасы болғанымен,  көбі екінші, үшінші үйге мұқтаж. Данияр Ақышевтің айтуынша, мұндай азаматтарға мемлекеттік жеңілдікпен тағы бір пәтер алуға  рұқсат ету қажет. Ал жаңадан  тұрғын үй кешендерін салу үшін Ұлттық банк  қосымша 150 миллиард теңге бөлген. Өйткені, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғындарға  биыл 16 мың пәтер керек екен. Жалпы, бағдарлама іске қосылғалы 4 мың  350  адамға ипотекалық несие берілген. Бірақ, банктер 1 237 азаматтың өтінішін қабылдамай тастапты. Ипотека ала алмағандардың  несие тарихы нашар  болып шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде