{metadescription}
Бозымбаев бензиннің арзандауына не себеп болғанын түсіндірді
Бозымбаев бензиннің арзандауына не себеп болғанын түсіндірді

Бозымбаев бензиннің арзандауына не себеп болғанын түсіндірді

Бензин безгегі ұмытылатын сияқты. Алматыда жанармай бағасы 5 теңгеге арзандады. Бүгіннен бастап АИ-92 маркалы бензиннің литрі 150 теңгеден сатылуда. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұны нарықтағы бензин профициті, яғни мөлшерден артық болуымен түсіндірді. Сондықтан бағаның арзандауы қалыпты құбылыс.

АИ 92 маркалы бензинінің литрі 149 теңге. Жанармай құю бекеттеріндегі жаңа баға бүгін алматылық автокөлік жүргізушілерін қуантып тастады. Себебі, бензин бағасы бірден 5 теңгеге арзандап отыр. Темір тұлпарды тізгіндегендер келешекте жанармай құны 113 теңге болса дейді.

-Бізге де қалтаға тиімді. Көбіне  кептелістер болады, бензин  босқа жанып кетеді. 5 теңге болса да бізге рөл ойнайды. Күніне 2 мың теңге құямыз бензинге.

-Келешекте ары қарай да бағасы түскенін қалаймын. Келешекте бағасы 100 теңге болса одан да күшті болар еді.

Ал, энергетика министрі Қанат Бозымбаев жанармай бағасының арзандауын қалыпты құбылыс деп бағалап отыр. Себебі, қазір ел бойынша жанармай қоры жеткілікті. Әзірге бензин тапшылығы болмайды.

Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:

-Қазақстанда қазір бензиннің профициті бар. Әсіресе осы қаңтар айынан бастап. Осы 150 теңгенің шамасында бола береді.

Яғни, жыл басталғалы бензин өндірісі артып, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өз жүктемесін азайтуға мәжбүр болған. Өйткені, дайын өнімнің көбеюінен резервуарлар толып кетуі мүмкін. Бір анығы - Үкімет тариф саясатына араласпайды. Баға нарық сұранысы бойынша реттеледі. Бұған дейін бензин былтыр сәуірде 4 теңгеге арзанап, 159 теңге төңірегінде тұрақтаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде