{metadescription}
Атырауда перинаталдық орталығының бірнеше қызметкеріне қатысты сот басталды
Атырауда перинаталдық орталығының бірнеше қызметкеріне қатысты сот басталды

Атырауда перинаталдық орталығының бірнеше қызметкеріне қатысты сот басталды

Айыпталушылар орындығында 4 дәрігер. Олар өткен жылы бала үстінде қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның өліміне айыпты саналуда. Дегенмен, сот процесі басталмай жатып, аяқталды. Оған айыпталушылардың бірінің адвокатының отырысқа келмей қалуы себеп болды.

Зәуре Қазақбай, №2 қалалық сотының судьясы:

- Қылмыстық кодекстің 317 баптың 3-ші бөлімімен осы Атырау қаласының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды. Жалпы қылмыстық іс медицина қызметкерінің өз қызметтік міндеттеріне ұқыпсыз, адал қарамауы, тиісінше орындамауы салдарынан  адамның өліміне абайсызда әкеп соққан, қылмыстық баппен айыпталып отыр.

Бала босандырамыз деп жүріп, бастары бәлеге қалған ақ халаттылардың барлығы да әзірге қызметтерінен шеттетілген. Еске сала кетейік, Анаргүл Майлыбаева былтыр 5-ші шілде күні облыстық перзентханада егіздерін босану үстінде қайтыс болған еді. Осы дерек бойынша ақ халаттыларға қатысты қылмыстық іс іле-шала қозғалғанымен, ол кейін жабылып қалған болатын. Бірақ, марқұмның тума-туыстарының наразылығынан кейін оны облыс прокуроры қадағалауына алып, іс қайта жүргізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде