{metadescription}
Жамбылда атышулы қылмыстық топ ұсталды
Жамбылда атышулы қылмыстық топ ұсталды

Жамбылда атышулы қылмыстық топ ұсталды

Жамбылдық күштік құрылым аса ірі көлемде есірткі тасымалдау, өткізумен айналысатын трансұлттық қылмыстық топты ұстады.  Сегіз адамнан тұратын ұйымдасқан топты алты ай аңдып қолға түсірген.

Құрықтау операциясы бір мезетте Астана мен Жуалы ауданында жүргізілді. Іздеудегілердің нақты мекенжайын білген күштік құрылым, олардың үстінен сау етіп түсіп, тырп еткізбей ұстаған. Ешбірінің қашып үлгеруге мүмкіндігі болмады. Бұл қылмыстық топтың Қырғызстанмен байланысы болған. Яғни екі ел арасында есірткі саудасын жүргізген. Бірақ қанша уақыттан бері бұл іспен айналысқандары әзірге беймәлім. Тұтқындау кезінде күдіктілер жасырынған үйден сирек кездесетін 11 келі үнді марихуанасы табылған. Тәркіленген тауардың қара нарықтағы құны 3 млн. теңге. Қазір қолға түскендер қамалып, дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде