{metadescription}
0:000:00
Облыстық сот төрағалары екі мерзімнен артық отырмайды

Облыстық сот төрағалары екі мерзімнен артық отырмайды

Жоғарғы сот заңға осындай өзгеріс енгізбекші. Өйткені бір рет төраға болған судья қайта-қайта  би бола берсе, ол бара-бара командалық басқару әдісіне көшеді. Бұл жәйт судьялардың тәуелсіз шешім қабылдауына зиянын тигізетін көрінеді.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

- 30-35 жасында болады, облыстық соттың төрағасы болады. Сол 65-ке дейін төраға болып жүре береді. Ешқандай шектеу жоқ. Төрағалық қызмет екі реттен аспау керек деген талапты қойып отырмыз.

Сөйтіп, судьялық қызметке орналасуға талап күшеймек. Жоғарғы сот эссе жаза алмайтын, құжатты дұрыс толтыра алмайтын сауатсыз билерден осылай құтылмақшы. Ал заңды жетік меңгерген мамандарға керісінше мүмкіндікті көбейтпек. Асановтың айтуынша, ондай мықты мамандар үкіметте, парламентте немесе ірі компанияларда жүр. Ал сот жүйесіне қызықпайтын себебі, аудандық деңгейден бастау керек. Оның үстіне, судьялардың мойнына түскен жүктеме көп. Әр судья күніне 10 шешім қабылдайды. Сондықтан кадр таңдауға талап қатаң.  Оның нәтижесі де жоқ емес. Жыл сайын 150 адам осы жұмысқа қабылданып келсе, былтыр тек 29 адам ғана судья атанған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде