{metadescription}
Алматы облысында еріктілер аштан қатқан ит-мысыққа араша түсті
Алматы облысында еріктілер аштан қатқан ит-мысыққа араша түсті

Алматы облысында еріктілер аштан қатқан ит-мысыққа араша түсті

Жан-жануарға қорлық көрсеткен жазалануы тиіс. Осылай дабыл қаққан бір топ ерікті бүгін Алматы облысында ит-мысық ұстайтын орталықтағы талай былықтың бетін ашып берді. Олардың айтуынша, арнайы орынның иесі жануарларды бағып-қақпақ тұрмақ аштан қатырған. Бірақ, ол әр кез хайуандардың қажетіне деп елден ақша жинап отырған дейді ашулы топ.

Светлана Ахметова, ерікті:

-Орталықтағы жан-жануарға тамақ бермеген. Барлығы аштан немесе инфекциядан өлген. Менің өзім бұл жерге 16 мысық алып келдім. Ит-мысықтты ұстап тұру үшін қаржы керек дегенде үнемі ашқа жіберіп тұрдық. Мен 200 мың бердім. Арамызда 500 мың теңгеден салғандар бар.  

Алайда, жануарларды қорғаушылар жағдайды көзбен көргенде шошып кеткендерін айтады. Арнайы орын ит пен мысықтың өлексесін көметін жерге айналды деп ашынғандар, полицияға шағым түсірген. Себебі, жан-жануарларға аямаған адам жазасын алып, орталықты жабу керек дейді олар. Тіпті, ит-мысық ұстайтын мекен заңсыз жұмыс істеген деген еріктілер, жиналған қаржыға ешқашан есеп берілмейді дейді. Ал, ашулы топтың алдында ақталған Фатима Сайфуддинова жиналғандарға мардымды жауап қата алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде