{metadescription}
Тұтынушылардың өтемақы өндіру көлемі шектелмек
Тұтынушылардың өтемақы өндіру көлемі шектелмек

Тұтынушылардың өтемақы өндіру көлемі шектелмек

Ұлттық экономика министрлігі биылдан бастап заңға осындай өзгеріс енгізіп отыр. Яғни, тұтынушы тауардың құнын және моральдық шығын ретінде соның үш еселенген ақысын ғана өндіріп ала алады.

Мысал үшін дүкеннен 70 теңгеге нан сатып алып, ол сапасыз болып шықты делік. Сіз сатушыдан сол тауардың өз құнын және моральдық шығын ретінде соның тағы 3 есе ақысын өндіре аласыз. Барлығы 280 теңге. Алайда, сол астан уланып, денсаулығыңызға зақым келсе де ешкім сізге сол 280 теңгеден артық төлемейді. Оның үстіне, бұл тек 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни, бағасы 25 250 теңгеге дейінгі тауарлар мен қызмет көрсетулерге ғана жүретін заң. Құны одан жоғары болса, тек бастапқы жұмсаған ақшаңызды ғана қайтара аласыз. Онда да сот шығыныңызды толық қайтарса. Бұрын тұтынушы шығын мөлшерін өзі есептеп шығаратын. Жаңа заң оны шектеп отыр. Жалпы, тұтынушылардың құқығын қорғайтын елімізде 172 қоғамдық ұйым бар болса, соның 55-і ғана жұмыс істеп тұр екен. Оларды қайта жандандыру үшін министрлік бюджеттен 400 миллион теңге бөлмек. Оған әр өңірде кемінде 3 ұйым қаржыландырылады. Қалған қаражатты олар сот арқылы тауар өндірушілерден алып отырмақ.

Серік Жұманғарин, Ұлттық экономика вице-министрі:

- Тауардың санын ала аласың, моральдық өтемақы ала аласың, үш есе. Соттың берген ақшасына үш есе моральдық өтемақы ала аласың. Ал ассоциация ұтқан арыздан 50 пайызға дейін моральдық өтемақыны да ала алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.