Семейде жолаушылар автобусынан өрт шықты
Семейде қала ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік отқа оранды. Қас-қағым сәтте автобустың дымы қалмай жанып кетті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.01.2019
Оқыс оқиға, шаһардың қақ ортасында болды. Құдай сақтағанда, өртенген қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Таңертең автобус бағытқа шыққанымен, жүргізуші аяқ-асты өзін жайсыз сезініпті. Сондықтан ол бірден автопаркке қайтуды жөн санаған. Әйтсе де, жолда қозғалтқышы түтіндеп, өрт лезде салонға лап қойған. Жүргізушінің өзі әрең қашып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер келгенше қаңқасы ғана қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары