Шымкент базарларында күмәнді діни кітап таратылып келген
Шымкенте 28 адам діни кітаптар таратты деген күдікке ілінген. Соларды ұстау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкерлері екі базарда арнайы операция жүргізді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
25.01.2019
Арнайы жасақ орталықтағы екі базарға бір мезетте сау етіп кіргенде, жұрттың зәресі қашты. Бірақ кейін бұл адасқандарға қарсы арнайы операция екенін білген соң, сабаларына түсті. Тінту барысында, 30-ға жуық діни әдебиет пен электрондық тасығыштар тәркіленген. Күдіктілердің үгіт-насихат басылған құралдарды сауда жасаушыларға тегін таратып отырғаны анықталды. Олар енді тергеліп жатыр.
Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД ресми өкілі:
-Сараптама тағайындалды, соның нәтижесінде процесуалдық шешім қабылданады. Тергеу болжамы бойынша салафизм ағымын жақтаушылар аталған базарлардың келушілері мен сатушылары арасында диструктивтік әдебиеттерді таратумен айналысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!