Бергей Рысқалиевқа үкім шықты
Атырауда облыстың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты. Сонымен, 5 жылдан астам уақыт бойы қаралған атыатышулы қылмыстық іске нүкте қойылды. Сот экс-әкімге мемлекеттік айыптаушы сұраған мерзімді кесуді жөн санапты.
Автор: Жанар Низамутдинова
25.01.2019
Тыныштық Нұримова, судья:
- Бергей Сәулебайұлы 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Және оның өзінің иелігіндегі қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылып, мұраға қалдырылған дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмеn атқару құқығынан 6 жылға айырылсын. Жаза өтеу орны ретінде қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілген мекеме белгіленсін.
Бұдан өзге экс-әкімге 2008 жылы берілген «Парасат» ордені де қайтып алынатын болды. Бергей Рысқалиевтің мерзімі ол ұсталған күннен бастап есептелемек. Ал, оның інісі Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали 16 жылға сотталды. Оның да дүние-мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бойы мемлекеттік атқару орындарында қызмет жасауына тыйым салынды. Ағайындылардың күйеу балаларының бірі – Рүстем Әлбақасовқа да 16 жыл, ал өзге 5 сыбайластарына 8-10 жыл арасында бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!