Алматылық полицейлер қызу пікірталас тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді
Алдын ала келіспеген! Алматыда «алаяқ пен тәртіп сақшылары ауыз жаласып алды» деп видео салған азаматтың сөзін полиция департаменті жоққа шығарды. Осы бейнежазбаны әлеуметтік желіге салып, жалған ақпарат таратқан ол енді әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.01.2019
Видеода оңтайлы сәтті аңдып тұрған жаяу жүргіншінің көліктің астына әдейі келіп секіргені анық байқалады. Абырой болғанда, жүргізуші дер кезінде тежегішті басып үлгерген. Бұл көрініс көліктің видео тіркегішіне түсіп қалды. Жүргізуші темір тұлпарынан түскен сәтте жол полициясы қызметкерлері де келе қалыпты. Кездейсоқтыққа сенбеген азамат бұл адам құйтырқы әрекетін тәртіп сақшыларымен алдын ала келісіп алған деген тұжырымға келіпті. Алайда, полиция осы маңға жергілікті тұрғындардың шақыртуымен келген екен. Ал өмірімен ойнап, ақша бопсалауды көздеген азамат мас күйінде ұсталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!