Бельгиялықтар жаппай көшеге шығып, табиғатты аялауға шақырды
Климатты қолдау маршы! Брюссельде 70 мың бельгиялық көшеге шығып, Еуропа елдерінің билігін табиғатты аялауға шақырып отыр. Шараны ұйымдастырушылар мұндай жағдайға атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының шамадан тыс көбеюі себеп болғанын айтады.
Автор: Мақсат Мәлік
28.01.2019
Күн жауынды әрі салқын болса да ел астанасына аймақтан келген халықтың қарасы көп. Келесі ұрпақтың қалай өмір сүретінін бүгіннен ойлауымыз қажет деп ұрандатқандар, табиғатты қастерлеу жолында азаматтық қоғам үнсіз қалмауы тиіс дейді. Айта кетейік, дәл осындай акция Брюссельде 4 күн бұрын ұйымдыстырылған еді. Ол кезде 30 мыңнан астам оқушы мен студент көшеге шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!