{metadescription}
Алматы облысында жер үйлерді тонаған ұрылар қылмыс үстінде ұсталды
Алматы облысында жер үйлерді тонаған ұрылар қылмыс үстінде ұсталды

Алматы облысында жер үйлерді тонаған ұрылар қылмыс үстінде ұсталды

Алматы облысында жер үйлерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары төрт адамды Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында кезекті қылмыс жасап, ізін суытқалы жатқан жерінде кісен салынды. Талай адамды қан қақсатқан топтағы екі азамат қазір қамауда отыр. Тергеу мәліметі бойынша, олардың Қайназар ауылынан өзге аталған аудан мен Алматы қаласының тұрғындарына келтірген шығыны көп.

Алматы облысында оңай олжаға кенелгісі келгендердің жоспары жүзеге аспады. Қылмыстық топ кезекті үй тонау барысында қолға түсті. Жедел операцияға «Сұңқар» арнайы жасағы да жұмылдырылған. Күдіктілердің саны - төртеу. Олар Қайназар ауылындағы үйлердің құлыптарын сындырып, бағалы әшекейлер мен ақшаны үптеп кеткен көрінеді.

Ұсталғандар мінген автокөліктен 3 дана қолғап, адамның жүзін жасыратын бетперде, ақша мен аңшы мылтығы тәркіленді. 2 күдікті қазір қамауға алынған. Тағы екеуі қолхатпен бостандыққа жіберіліпті.

Cерік Үпиев, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта олардың зардап шегушілерге миллиондаған теңге материалдық шығын алып келген Есік қаласы, Қайназар, Еңбек, Ават ауылдарында тіркелген 15-тен астам ұрлыққа қатысы бары дәлелденіп отыр.

Күдіктілердің бірі бұрын сотталған екен. Ол өз айыбын жасырмай айтып берді.

-Ақша, мылтық және сейфті ұрладым. Қалада бірнеше ұрлық жасағаным рас. Бұрын 7 мәрте сотталғанмын. 

Қазір ұсталған азаматтардың өзге де мүлік ұрлығына қатысының бар-жоғы анықталуда. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде