Жамбылда ірі көлемде есірткі тасымалдаушы қолға түсті
Жамбылда ірі көлемде есірткі тасымалдаушы қолға түсті. Оның үйін тінту барысында 1 келі 200 грамға жуық героин тәркіленген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.01.2019
45 жастағы азамат қазір қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүруде. Байзақ ауданының тұрғыны бір жыл бойы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бақылауында болған. Құзырлы орын күдіктінің үйіне тауардың осы партиясы жеткізілгенін алдын-ала біліп, сау етіп кіріп барған. Газ плитасының ішіне жасырлыған ірі көлемдегі героинді исішіл ит анықтапты. Қазір осы тауардың қайдан келгені, оны кімдерге сатқаны нақтылану үстінде. Полицейлер ұсталған азамат естен адастыратын ақ ұнтақты тек Жамбыл өңіріне ғана емес, Түркістан облысы жұртына да саудалаған болуы мүмкін дейді.
Асхат Алметов, Жамбыл облыстық ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:
- Есірткі затын өзім қолданамын және өзім үшін әкелдім деп айтып жатыр. Біздің әлі көп дәделдеріміз бар. Қазіргі таңда тергеу барысының көп нәрсесін біз айта алмаймыз. Негізі бұл жерде жалғыз адам емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!