{metadescription}
Елімізде -42 градус аяз болмақ
Елімізде -42 градус аяз болмақ

Елімізде -42 градус аяз болмақ

Еліміздің кейбір өңірлерінде аяз қаһарына мініп тұр. Қарағандыда тіпті суықтан адам өлген. Үскірік аяздың кесірінен мектеп оқушылары, кейбір облыстарда 2-ші курс студенттеріне дейін сабаққа бара алмай қалды. Мәселен, Ақмола облысында қалааралық тас жолдар жабылған. Облыс орталығында аяз қарыған қаңғыбастар арнайы орталыққа симай жатыр. Ауа райын болжаушылар аяздың беті әлі қайтпайды деп отыр.

Ақмола облысында ауаның температурасы өткен түнде - 35 -38 градусқа дейін төмендеді. Бұл белгілі тұрағы жоқ адамдар үшін қиындық туғызды. Қаңғырып, ішер тамағын қоқыстан тауып жүрген олар бейімдеу орталығына қарай ағылуда. Көкшетаудағы 50 орындақ бейімдеу орталығында адам саны 70-ке дейін жеткен. Аязда пана іздеп келетіндер саны бұдан да артуы мүмкін. Сондықтан орталықтағы спорт зал босатылып, тағы қосымша 50 орын әзірленген.

Әмірболат Әубәкіров, белгілі тұрағы жоқ адам:

-Иә, далада аяз осында келдік жылынуға. Далада қаңғырып жүрем бе? Қатып қаламыз ғой? Күн жылынғанша осында отырамыз. Қайда барамыз? Баратын жер де жоқ.

Ал Қарағандыда ай басынан бері денесін үсік шалып ауруханаға 20 адам түскен. Әсіресе, кешелі бері қол аяғын аяз қатты қарыған 4 адам ауыр хәлде жеткілізіпті.

Вивади Жамаледдинов дәрігер:

-Өкінішке қарай бір науқасты құтқару мүмкін болмады. Өйткені денесін суық қатты қарып, ішкі органдарын зақымдаған. Осы күндері үсік шалғандардың қол-аяғын жағдайларына байланысты әр жерінен кесуге мәжбүр болдық.

Шығыс Қазақстан облысында да ауа температурасы 34 градусқа дейін төмендеді. Осының салдарынан, мектеп оқушылары былай тұрсын, колледждердің 1-2-курс студенттерін сабақтан жаппай босатуға тура келген. Өйткені, Өскемен, Семей, Риддер қаласымен қатар, Бесқарағай ауданы да күндіздің өзінде 28 градус суықты көрсетіп тұр. Дегенмен, аяздан зардап шеккендер жоқ.  

Думан Икенов, Семей қаласы ТЖБ қызметкері:

-Семей қаласы және Шығыс Қазақстанда 28-нен, 29-на, 29-30 қараған түндері ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Осыған байланысты, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жұрттан алыс жолға шықпауларын сұрайды.

Шығыс Қазақстанда бүгін оқушылардың бәрі үйлерінде болды. Аяздың беті қайтпаса  ертең де сабаққа бармауы мүмкін. Ал қалған  өңірлерде түстен кейін 4-сыныптан жоғарысы оқуға жіберілді. Дегенмен метеорологтар осы өңірлерде түнде аяз тағы көтерілуі мүмкіндігін айтады. Сондықтан ата-аналар білім бөлімдерінен таралатын хабарламаларға құлақ түріп отырғандары абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде