{metadescription}
АҚШ-та істі болып жатқан отандасымыз наурыз айында сот алдында жауап бермек
АҚШ-та істі болып жатқан отандасымыз наурыз айында сот алдында жауап бермек

АҚШ-та істі болып жатқан отандасымыз наурыз айында сот алдында жауап бермек

АҚШ-та істі болып жатқан отандасымызға қатысты жаңа дерек! 24 жастағы Махаббат Әбдуәлиева наурыз айында сот алдында жауап бермек. Еліміздің дипломаттарының хабарлауынша, «Алаяқтық жасады» деген күдікке ілінген ол тергеу аяқталғанша кепілақымен бостандыққа жіберіліпті.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, АҚШ-қа екі жарым жыл бұрын кеткен жерлесімізден кемі 15 адам алданған болуы мүмкін. Олар негізінен Ресей, Қырғызстан мен Әзірбайжан азаматтары. Дерек көздерге сүйенсек, әлеуметтік желіде өзін жылжымайтын мүлік риэлторы ретінде таныстырған Махаббат, оларға Нью-Йорктен жалға алатын пәтер тауып беруге көмектесемін деген. Сөйтіп, 200 және 700 доллар аралығында алдын ала төлем ретінде ақша алып, ұшты-күйлі жоғалып отырған. Өзінің әлеуметтік парақшасында Астанадан екені, АҚШ пен Малайзияның мықты жоғары оқу орындарын бітіргенін жазыпты. Әрі отандасымызбен бірге тағы бір ер адамның күдікке ілінгені айтылады. Бірақ ол әлі іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде