«Астана» банкінің салымшыларына 23 миллиард теңге қайтарылды
23 млрд теңге қайтарылды! Жабылып қалған «Астана» банкінің салымшыларына екі күннің ішінде қомақты мөлшердегі кепілді өтемақы төленген. Азаматтар жиған-терген қаражаттарын алу үшін агент банкке алғашқы күннен бастап ағылыпты.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.01.2019
Сөйтіп, салымшылар жаппай банкке жүгіріп, содан ұзын-сонар кезек пайда болды. Банктегілер халықтың мұндай нөпіріне қызмет көрсету оңай болмағанын айтады. Қазір каржы ұйымында алғашқы күндермен салыстырғанда адам аяғы біршама азайған. Бес ай бұрын лицензиясынан айрылған «Астана» банкінің клиенттеріне жалпы мөлшері 37 жарым миллиард теңге қайтарылуы тиіс. Бүгінде осы соманың 62 пайызы өтеліпті. Ал құрдымға кеткен банктен көңілі қалғандар шотында бір тиын да қалдырмауды жөн санайды екен. Айта кетейік, «Астана» банкінің 275 мың салымшысы бар.
Алтынай Сұраншы, Smm маманы:
- Екі күннің ішінде біз 18 925 адамды қабылдадық. Ең қызықты жайт, 26 қаңтарда бір клиент таңғы сегізде келіп, 38 теңге қаражатын алып кетті. Астана банкінің клиенттеріне арнайы өтемдерді төлеу орталықтары демалыссыз 26 шілдеге дейін жұмыс істейтін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!