{metadescription}
0:000:00
Мемлекеттік органдардың деректер базасында миллиондаған қате жүр

Мемлекеттік органдардың деректер базасында миллиондаған қате жүр

Елімізде бірыңғай электрондық салық әмияны жасалмақ. Ол дегеніңіз, бір адам бірнеше жерде салығын төлеп жүрмейді. Барлығын жинастырып, бір-ақ төлейді. Ал оны уақытылы төлемегендерге қанша қарызы бар екені, қашан төлеуі керектігі енді смс-хабарлама түрінде жіберіліп отырады. Тек осындай жаңалықты іс жүзінде енгізуге мемлекеттік органдар толық дайын болмай тұр.

Салығын төлемегендер бұдан былай емін-еркін банктерден есепшот аша алмайды. Бұл енді нақты жауап дейді Қаржы министрі Әлихан Смайылов. Бұндай шектеу салықтан жалтарғандарға бұрын да болған екен. Бірқатар кедергілерге байланысты банктер жеке тұлға туралы мәліметтер жинай алмай, талап орындалмай келген.

Мәселен, банктерге салық органдарынан мәлімет алу қиын болған. Қаржы министрлігі енді сол кемшілікті жойдық деп отыр. Оның үстіне, салығын төлемегендерге енді қанша қарызы бары, қашанға дейін  төлеуі керектігі СМС-хабарлама түрінде келіп отырады.

Жалпы, осы салық жүйесін жеңілдету үшін Қаржы министрлігі Бірыңғай электрондық әмиян жобасын қолға алып отыр. Министрдің айтуынша, ол биыл жыл аяғына дейін жүзеге асырылуы керек. Біздегілер оны Эстонияның салық жүйесінен алыпты.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

- Онда салық төлеушілер салықты бір реквизитке төлейді. Сосын сол сумма жеке тұлғалардың барлық салықтары бойынша автоматты түрде тарайды. Осыған сәйкес, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері 2019 жылдың соңына қарай бірыңғай электрондық кошелекке түскен салық төлемдерін өздері шоттар бойынша таратады.

Яғни салық төлеушіге бүкіл мүлік түрлері бойынша салықтары топтастырылып, бір рет төлейтін болып келеді. Тағы бір маңызды жаңалық елде жалпылама кіріс декларациясы енгізіледі. Яғни бүкіл ел азаматтары өзінің елдегі, шетелдегі мүліктерін, кірістерін біздің салық органдарында көрсетуі керек. Бірақ бұл жұмысты бастауға Қаржы министрлігі дайын еместігін ашық мойындап отырғандай. Өйткені мемлекеттік органдардың мәліметтер базасынан миллиондаған қателіктер шығыпты.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

- Барлық мемлекеттік органдардың деректер базаларын тексерген кезде 5 миллионға жуық қателіктер анықталды. Олар былтырғы жылдың негізінде көбісі, 94 пайызы анықталып, алынып тасталды. Енді бір 300 мыңдай қателіктер тағы да бар.

Мысалы, кей мемлекеттік органдардың деректер базасындағы мәліметтер жаңартылмаған. Оның үстіне бүкіл ел аумағы кеңжолақты интернетпен қамтылмаған. Айтып отырғанымыз, сол ауылдық жерлер ғой. Оның бәрін жыл аяғына дейін жергілікті органдармен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп түзете бастамақ.

Сайып келгенде, жұмыс ауқымы үлкен болғандықтан, министрлік салық саласын біраз жеңілдетуге мәжбүр болған. Мәселен, кіріс декларациясы мәліметтерін 15 беттен 2 параққа дейін қысқартып, мәліметті уақытылы және нақты бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікті азайтып қойыпты. Декларацияда көрсетпеуге болатын кіріс көлемі де біраз өсірілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде