{metadescription}
Мұнай ұрлағандар қыруар айыппұл төлейтін болды
Мұнай ұрлағандар қыруар айыппұл төлейтін болды

Мұнай ұрлағандар қыруар айыппұл төлейтін болды

Бүгін Оралда мұнай өнімдерінің ұрлығымен айналысқандарға қатысты сот үкімі шықты. Трансұлттық қылмыстық топқа 6 отандасымыздың қатысы бар. Тергеу кезінде кәсіпкерлердің заңсыз жолмен Ресейден елімізге битум тасылмалдағаны дәлелденді.

Енді айыптылар мемлекетке келтірген шығын көлемін өтеуге міндетті. Оның жалпы сомасы 3 жарым млрд теңге. Кінәлілер тағылған айыптарды әу бастан мойындаған емес. Сот үкімін естіген соң залда жиналған сотталушылардың туыстары шу шығарды.

Сот мұнай ұрлығымен айналысқан топтың ішіндегі Қайрат Назамбаевты басты ұйымдастырушы деп таныды. Ол - «Sundex» серіктестігінің директоры. Қылмыстық іс былтыр қозғалды. Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекетінің бірінде күдіктілер ұсталып, 5 цистерна битум тәркіленген болатын. Олар шикізатты Ресейдің Орынбор қаласынан Атырауға жеткізбек болған. Ұсталғандардың арасында Орынбордағы битум зауытының директоры да бар. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері «Ресейден Қазақстанға битум тасымалдауға тыйым жоқ» деп ақталған. Дегенмен, бүгін топтың 5 мүшесіне сот залында қолдарына кісен салынып, оларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі жаза тағайындалды. Бұған дейін 5-еуі де қолхатпен бостандықта жүрген. Қылмысты ұйымдастырған Қайрат Назамбаев 10 жыл арқалады.

Қайрат Шалқаров, судья:

- Қылмыстық топты басқарушы 10 жылға бас бостандығынан айырылыпжазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтесін. Қайрат Намазбаевты ұстау түріндегі шара өзгеріссіз қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде