Қарағандыда 1-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан секіріп кетті
Қарағандыда 1-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан секіріп кетті. Абырой болғанда 7 жастағы қыз дін аман. Қыздың ата анасының айтуынша сыныпта бөгеліп қалған қаршадай қызды мұғалім сыртынан жауып кеткен. Алайда мектеп басшылығы оқиғаның қалай болғанын тіс жарып айтудан жалтарып отыр. Тал түсте оқушысы үшінші қабаттан секірген мектепте қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оқыс жағдаймен полиция да айналысуда.
Автор: Саят Сабдалы
29.01.2019
1-сынып оқушысы Әзиза Жүнісова ашқан терезеден полиция саусақ іздерін алып кеткен. Енді оқиғаның анық қанығына жету үшін полиция оның сыныптастарынан жауап алып жатыр. Мектеп іші дүрліккен, директордың да өңі бозарып кетіпті. Оқиғадан соң ағылшын тілінің мұғалімі де өзін жайсыз сезініп ауруханаға түскен.
Мектептегілердің айтуынша, сыныптан балаларды шығарып келесі кабинетке сапппен кетіп бара жатқанда Әзиза қалам салғышын ұмытып кері қайтыпты. Артынша, сыныптың есігін біреу жауып кеткен. Алайды мектеп басшылығы есікті ешкім құлыпқа жапқан жоқ дейді. Тек ауыр есік жабылғанда оны қаршадай қыз аша алмай қалуы мүмкін деп болжайды.
Рымжан Әділжанова Қарағанды қалалық № 77 орта мектебі директорының орынбасары:
-Сонда қалай ашылмай қала ма есіктеріңіз? Жоқ ашылады. Мінеки ашылып тұр просто кішкентай бала шамасы келмеген ғой ашуға. Шамасы келмегеннен кейін ашуға мына жерде жүрген ғой деймін
Терезден секірген қаршадай қыздың құлап түскен жері мынау. Абырой болғанда нығыздалған қар соққыны сәл де болса жеңілдеткенге ұқсайды. Ал мұғалымдер бір оқушының жетіспейтінін ескермесе, есініне танып жатқан қызды мына жерден бейтаныс адам көтеріп мектепке кіргізіпті.
Жедел жәрдем жеткенше есін жинап алған қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Мамандардың толық тексерісінен кейін, баланың еш жеріне зақым келмегеніне ақ халаттылардың өзі таң қалып отыр.
Жанат Елубаев, педиатр:
-Құдай сақтаған енді қалай құлағанда да енді. Қазіргі уақытта іш құрлысының узи жасалынды. Кеуде қуысына әртүрлі тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақытта іш құрлысының жабық тұйық жарақаттары жоққа шығарылып, жағдайы орташа ауырлықта.
Қазір бұл оқиғаға байланысты білім бөлімі ішкі тексеріс жүргізіп жатыр. Полиция да кішкентай куәгерлердің аузынан сөз суыртпақтап әлек. Ал мектеп басшылығы әзірге терезеге тіреліп мына тұрған парталарды алыстау жерге ығыстырамыз дегеннен басқа сөз тапай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!