{metadescription}
Қарағандыда теракт жасамақ болғандар сотталды
Қарағандыда теракт жасамақ болғандар сотталды

Қарағандыда теракт жасамақ болғандар сотталды

Қарағандыда лаңкестік әрекеттер мен полицияға шабуыл жасауға дайындалған Сәтбаев қаласының екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Олар тергеу абақтысында-ақ ағынан жарылып, жазаны жеңілдетуді сұрағандарымен қатаң жазадан құтыла алған жоқ.

29 жастағы Дмитрий Штукарь 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Лаңкестік топты құрған сол екен. Ал оның досы 20 жастағы Мұхаметәлі Өшібаев 7 жыл арқалады. Бұл сол топқа адам тарту үшін, үгіт насихат жұмысымен айналысқан. Оның туған ағасы қазір Сириядағы лаңкестердің сапында қару асынып жүр. Сотталған екеу де жұмысссыз, бұрын істі болмаған. Тергеу мәліметінше олар лаңкестік әрекет жасау үшін жарылғыш заттарды дайындау бағытында білімдерін жетілдіріп жүріпті.

Дельфуза Келімбетова, қорғаушы:

- Бұлар ешкімді жарып жіберуді көздемеген. Тек жиһадқа бару төңірегінде ойланып жүргендері ғана болмаса. Оларға үгіт насихат қатты әсер еткен ғой. Соның ықпалына кіріп, шыға алмай қалып отыр. Қазір ойларынан айнып, бәрін түсінді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде