Сотталғандардан өтемақы алу туралы заң жобасы сынға қалды
Жаңа заңға мұқтаж. Сотталғандардан өтемақы алу туралы заң жобасы өзінің бастапқы межесінен айнып кеткен. Сенаторлар бүгін осындай тоқтамға келді. Өйткені қор зардап шеккендердің шығынын толық өтеп бермейді. Тек бір реттік қаржылай көмек аударады. Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:
30.01.2019
- Бұл төлемақы бүкіл қылмыспен келген зиянды толық өтемейді. Бұл тек қана көмек ретінде беріледі жәбірленушілерге. Қылмыскер анықталғасын, ол ұсталғасын, ол сотталғасын прокурор регрестік ретінде одан мәжбүрлеп бүкіл осы қордан шыққан шығынды қайтарады үкіметке.
Қазірге дейін қылмыскерлерден 79 миллион теңге өндірілген. Жалпы жиналған қаражат 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап төленеді. Төлем көлемін сот анықтайды. Ең көп дегенде 101 мың теңге берілмек. Өйткені қорды толтыратын қаражат көзі аз. Әуелде айыппұлдарды, тәркіленген дүние-мүліктерді осы қорға аударамыз деген жоспар болған еді. Бірақ ол салық органдарына тиесілі деген себеппен алынып тасталды. Ал жапа шеккен адам толық шығынын сот арқылы ғана өндіре алады. Айналып келгенде, қордың о бастағы атауы қазір өз мәнін жойған. Яғни, өтемақы емес, тек бір реттік көмек беретін қор ғана болып қалып отыр. Сондықтан зардап шегушілерге өтемақы беру қоры туралы заңды не толықтыру керек, не жаңа заң қабылдау керек дейді жиынға қатысушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!