Браконьерлерге балық инспекциясы мен полиция қолдау көрсеткені анықталды
Браконьерлерге балық инспекциясы мен полиция қолдау көрсетіп отырған. Атырау және Маңғыстау облыстарында ұсталған табиғат қаскөйлеріне қатысты прокуратурадағылар осылай деп мәлімдеме жасады.
30.01.2019
Екі облыстағы бұл жағдай биыл болған. Екі жағдайда да қылмыстық топ қолға түсті. Әзірге оларға нақты кімдердің қамқорлық жасағаны айтылмай отыр. Әзірге анығы, биылдыққа заңсыз айналымнан 8 тоннаға жуық бекіре алынған. Алайда әлде де көбі ашылмай, көлеңкеде қалып отыр дейді Бас прокуратура. Ал киік басына келсек, 2016-2018 жылдары 3 мыңға жуық киік атылған. Жалпы, соңғы 3 жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа 3 миллиард 600 миллтон теңге шамасында залал келтіріліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!